Түркістан облысының полицейлері бір айда екі снаряд пен 30 қару алынды, деп хабарлады Polisia.kz.

Өңірде ІІМ тапсырмасына сәйкес, "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шара басталғалы жалпы 2 снаряд, 30 қару, 50 ойық ұңғылы қарудың патроны алынған. Оның ішінде қолдан жасалған шолақ ойық ұңғылы бір қару, ойық ұңғылы бір қару, травматикалық үш қару, шолақ мылтық 5 қару және тегіс ұңғылы 20 қару тәркіленіп алынды.

"Әкімшілік полиция қызметкерлері қару иелері оның сақтау тәртібін дұрыс орындап жүргенін тексеріліп отырады. Қандай да бір кемшілік анықталса, тиісті жауапкершілікке тартылады. Осы орайда облыс тұрғындарына ескертемін, қаруыңыз болса, ол міндетті түрде заңға сәйкес сақталуы қажет. Еш жерде тіркелмеген қару түрі болып, бізге өткізсе, сыйақы алады", – деді Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы АлмасханТастанбеков.


Оқи отырыңыз: Қаңтарда әуежайды басып алмақ болған содырлардың қару-жарағы табылды