Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде Алматыдағы әуежайды басып алғысы келген шетелдік күдіктілердің қару-жарақтары табылды, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасы.
Суық қарулардың арасында бірнеше пышақ, пневматикалық тапанша және арбалет бар. Күдікке ілінген 23 жастағы азамат Өзбекстан мемлекетінің тұрғыны. Тергеу кезінде оның қару-жарақтарды ұрлағаны және әуежайға шабуыл жасауға қатысқаны белгілі болды.
Оқи отырыңыз: Қаңтар оқиғасы кезінде 25 сарбаз "Көктөбені" қалай 5 күн бойы қорғады?
Сондай-ақ, полицейлер оның 43 жастағы сыбайласы деген күдіктіні ұстады. Тінту кезінде одан 19 дана пневматикалық қару, оқ, 10 пышақ, арбалет және өзге де қару түрлері табылған.
Айта кетейік, Алматыдағы қаңтар қасіретіне байланысты сотқа 82 қылмыстық іс түскен. Оның 41-іне сот үкімі шықты. Қалалық соттың мәліметінше, келіп түскен істердің дені "ұрлық" бабы бойынша қозғалған.
Еске салсақ, "Қазақстан халқына" қорының Қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмғандардың отбасына 7 млн теңгеден беретіні туралы хабарлаған едік.