Президенттің айтуынша, мемлекет пен қоғам құтқарушылардың жанқиярлық еңбегін, қызметке деген адалдығы мен адамдарға көмектесуге дайындығын жоғары бағалайды.

"Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтаймын! Сіздердің жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді. Мемлекет пен қоғам сіздердің антқа адалдықтарыңызды, қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды", – деп жазды ол құттықтау сөзінде.


Оқи отырыңыз:Тоқаев: Біз домбыраны жан-жақты дәріптей береміз.