Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін Құтқарушылар күнімен құттықтады.
Президенттің айтуынша, мемлекет пен қоғам құтқарушылардың жанқиярлық еңбегін, қызметке деген адалдығы мен адамдарға көмектесуге дайындығын жоғары бағалайды.
"Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтаймын! Сіздердің жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді. Мемлекет пен қоғам сіздердің антқа адалдықтарыңызды, қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды", – деп жазды ол құттықтау сөзінде.
Оқи отырыңыз:Тоқаев: Біз домбыраны жан-жақты дәріптей береміз.