Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісін өткізіп, онда Zam-Zam Qazaqstan туркомпаниясына алданып қажылыққа аттанған қазақстандықтар туралы пікір білдірді.

"Жақында бір туристік компания заңға бағынатын бір топ азаматты алдап, оларды қажылыққа жіберген. Енді, кінәсіз адамдар Сауд Арабиясының полиция учаскесінде қамауда отыруға мәжбүр. Осындай алаяқ компанияның заңға қайшы әрекеті азаматтарымыздың денсаулығына, олардың моральдық жағдайына және жалпы еліміздің беделіне үлкен нұқсан келтіріп отыр. Бұл жерде, әрине, адамдардың құқықтық сауатсыздығы да бар", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрлігіне оларға барынша көмектесуді, ал Ішкі істер министрлігіне алаяқ компанияның басшылығын, қызметкерлерін заңға сәйкес жауапқа тартуды тапсырды.

"Әділетті қоғам құрамыз десек, дәл осындай өзекті мәселелерді шешуіміз керек", – деді президент.


Оқи отырыңыз: