Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілді аудиторияның кеңейгенін айтып, осы бағытта жұмыстар жүргізуді тапсырды. 

"Мәдениетіміз әралуан екенін көрсететін ерекше ақпаратты әзірлеу қажет. Соның ішінде, қазақ тілді аудиториямен жұмыс жүргізген жөн. Қазақ тілді аудиторияның ауқымы кеңейіп жатыр. Бұл – жағымды, оң үрдіс. Қазақстанды дамытуға өзге этностардың қосып жатқан үлесін мемлекеттік тілде насихаттау маңызды. Біз осы бағытта жұмыс істейтін ақпарат құралдарын барынша қолдауымыз керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Халықтың жартысының табысы 50 мың теңгеден аспайды, бұлай өмір сүру мүмкін емес