Тоқаев 19 сәуірде Қазақстанның дамуы жөнінде кеңес өткізеді
Кеңес әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналады.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 19 сәуір күні еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өтеді, деп хабарлады Ақорда.
"Жиынға премьер-министр, Парламент палаталарының спикерлері, президентке тікелей есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Үкімет мүшелері, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстар мен аудандардың әкімдері, Сенат пен Мәжілістегі парламенттік фракциялар мен комитеттердің жетекшілері, облыстық және аудандық мәслихаттардың төрағалары қатысады" делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Ырымшыл – Yrymshyl: Тоқаев латын әліпбиіне көшуде енді қателесуге болмайтынын ескертті