Тікелей эфир

Ырымшыл – Yrymshyl: Тоқаев латын әліпбиіне көшуде енді қателесуге болмайтынын ескертті

Президент латын қарпімен жазылған билбордтарды сынға алды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге көптеген өрескел қате жіберілгенін айтты. 

"Мен бұрын бұл мәселе бойынша талай рет айттым: біз, ең алдымен, осы сәтті пайдалана отырып, қазақ тіліне реформа жасауымыз керек. Мәселе кирилл әліпбиінен латын әліпбиіне механикалық түрде көшуде емес. Біз латын әліпбиіне тез арада көшуіміз керек деп, көптеген өрескел қате жібердік. Мысалы, латын қарпімен жазылған билбордтарға қараңыздар! Бұл – қазақ тілі емес, тіліміздің табиғатына жат, бұрмаланған мәтіндер. Сондықтан бұл жұмысты Ғылым академиясының басшылығымен асығыстыққа жол бермей, жан-жақты ойластыра отырып, жалғастыру керек. Тағы да қателесуге құқымыз жоқ", – деді президент.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда ЖОО қызметкерлеріне төленетін үстемеақы 1,5 есе артады


Осы ретте президент сөзіне мысалмен дәйектеді.

"Мен бұл мәселе бойынша Құрылтай отырысында айттым. Кириллицада көптеген сөзде "ы" деген әріп бар. Мысалы, "ырымшыл" деген сөзде үш "ы". Біз оны автоматты түрде "у" деп жазатын болдық. Сонда "ырымшыл" деген сөзді латын әліпбиінде жазатын болсақ, үш игрек болады. Бұл қазақ тілі ме? Оны кім оқи алады? Ақырында, тіліміз кирилл әліпбиімен де, тіпті, латын әліпбиімен де жағымсыз көрінетін болды. Осындай мысалдар аз емес", – деді мемлекет басшысы.

Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарға басқа елдердің озық тәжірибесін мұқият зерттеп, ұтымды тұстарын пайдалануды тапсырды.

Серіктестер жаңалықтары