Қазақстан құрамасы толық құрамда Астанаға келді, олар 14-15 қыркүйекте Дания командасына қарсы "Дэвис Кубогының" бірінші әлемдік тобында ойнайды.

Құрама капитаны Юрий Щукин бастаған команда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына барды. Теннисшілер "Қазанат" ипподромында орналасқан "Көшпенділер әлемі" этноауылында болды. Олар ашық аспан астындағы көшпелі өркениеттер мұражайын тамашалап, спортшыларды қолдап, ұлттық тағамдардан дәм татты.

Теннистен Қазақстан құрамасының ойыншылары Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын тамашалады. Фото: ҚТФ

Иесінің қолында отырған әсем бүркіттер естелік ретінде құспен суретке түскен Александр Недовесов, Александр Шевченко, Денис Евсеев, Тимофей Скатов және Бейбіт Жұқаевтың ерекше назарын аударды.

"Мен мұндай іс-шарада бірінші рет болдым, маған қатты ұнады! Ұйымдастырылуы, атмосферасы, спортшылардың өнер көрсетуі – бәрі жоғары деңгейде. Қазақ жері көшпелі мәдениеттің "бесігі" болып саналады – Қазақстан оның жандануы мен сақталуына барынша ықпал етеді", – деп атап өтті Қазақстанның жұптық санаттағы алғашқы ракеткасы Александр Недовесов. 

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!


Оқи отырыңыз: Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: қазақша күрестен Айжан Жылқыбаева алтын алды