Тікелей эфир

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: қазақша күрестен Айжан Жылқыбаева алтын алды

Ол финалда қырғызстандық спортшы Луиза Асакееваны жеңді.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына қазақша күрестен алғашқы алтын медалді Айжан Жылқыбаева салды.

Ол 48 келіге дейінгі салмақта күресіп, финалда қырғызстандық спортшы Луиза Асакееваны жеңді.

Еске салайық, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 89 елден 2 430 спортшы мен жаттықтырушы келді. Сонымен қатар Қазақстанға 100 мың турист келеді деп жоспарланып отыр.

Спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары