Теміржолдағы апатты фото-видеоға түсіруге рұқсат етілді
Мұндай шектеу ең алдымен теміржол жолдарындағы апаттарды тергеу кезінде дәлелдер базасын жинауды қиындатты.Көлік прокуратурасы "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ басшылығының теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті бұзудың кез келген жағдайын фото және бейнетіркеуге тыйым салу туралы телеграфтық нұсқауының күшін жоюға қол жеткізді. Бұл туралы бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
"Бұл тапсырма Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабының 2-тармағына қайшы келеді, соңғыға сәйкес әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Мұндай шектеу ең алдымен теміржол жолдарындағы апаттарды тергеу кезінде дәлелдер базасын жинауды қиындатты, сонымен қатар әртүрлі оқиғаны жасыруға жағдай жасап, бұл жалпы осы саладағы қауіпсіздік жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін еді", – делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда прокуратураның наразылығы толық көлемде қанағаттандырылып, тиісті нұсқау заңсыз деп танылды.