Тікелей эфир

Алматыдан Ұзынағашқа теміржолмен қатынау ақысы көтеріледі

Жолақы 100 теңге болады.

Алматыда қоғамдық көлікпен жол жүру ақысымен қатар, қала маңындағы теміржол қатынасының жолақысы да көтеріледі. Атап айтқанда, Алматыдан Ұзынағашқа қатынайтын пойыз ақысы 80 теңгеден 100 теңгеге көтеріледі.

"Қазіргі уақытта Алматы қаласының әкімдігі қоғамдық көлікте қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде тарифтерді 100 теңгеге дейін көтеруге қатысты қаулылардың жобаларын әзірлеуде. Осыған байланысты темір жол әлеуметтік тасымалдарына да 100 теңге мөлшерінде шекті тариф белгілеу ұсынылады", – делінген қалалық мобилділік басқармасының хабарламасында.


Оқи отырыңыз: Алматыда жолақы 100 теңге болады. Қолма-қол төлем – 200 теңге


Сондай-ақ, аталған бағыттың атауын түзету жоспарланып отыр. Бағыт енді "Қазыбек бек – Алматы 2 – Қазыбек бек" деп аталады.

"Ұзынағаш ауылында орналасқан станцияда "Қазыбек бек" атауы пайдаланылады, бұл Алматы қаласы мәслихатының шешімінде заңды нақтылауды талап етеді. Сондай-ақ, маршруттың бағытын нақтылау қажет, өйткені ол 2022 жылдан бастап "Қазыбек бек" станциясынан "Алматы 2" теміржол вокзалына қарай және кері қарай жүреді", – делінген басқарманың түсіндірме жазбасында.

Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 1 тамызға дейін. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары