Информбюро порталының сұрауына орай, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы 1991 жылдан бері кібісе күн, яғни 29 ақпанда дүниеге келген қазақстандықтардың санын ұсынды. Оған сәйкес, Қазақстанда кібісе күні 5110 адам дүние есігін ашқан. Олардың 2707-сі – ер адамдар болса, 2403-і – әйелдер. 


Оқи отырыңыз: Кібісе жылдың адам тағдырына әсері бар ма? Астрологтар бұл жайында не дейді


Тәуелсіздік жылдары кібісе күні дүниеге келген азаматтардың саны: 

Loading...

Көк түс: ер адамдар, қызыл түс: әйелдер. 


Еске салайық, биыл, 2024 жыл – кібісе жыл. Кібісе жылдың ерекшелігі – бұл жылы күнтізбеде 365 емес, 366 күн бар. Кібісе жыл төрт жыл сайын бір айналып келеді. Сәйкесінше, төрт жылда бір келетін 29 ақпан – кібісе күн деп аталады. 

Биылғы кібісе күннің қазақстандықтар үшін тағы бір ерекшелігі бар. Еліміздің бір уақыт белдеуіне көшуіне байланысты, биылғы 29 ақпан Қазақстанның бірқатар өңірінде 25 сағатқа созылады. 


Оқи отырыңыз: