Тағы екі сарбаздың өлімі: Қазақ армиясы неге мәйітханаға айналып барады?
Өткен демалыста Ұлттық ұланның екі сарбазы өзіне қол жұмсады.Әскерге борышын өтеуге барып, алайда мәйіті ғана оралып жатқандар көбейді. Өткен демалыста Қлттық ұланның екі бірдей сарбазы өзіне қол жұмсады, деп хабарлады 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
Маңғыстау облысындағы әскери бөлімнің 32 жастағы аға сержанты өз үйінің дәретханасында асылып қалған. Ал екінші жағдай Степногорск қаласында болды. 27 жастағы сарбаздың денесі қойма ішінде асылып тұрған күйі табылған.
Арнаның хабарлауынша, сарбаз сенбі күні кешкі сағат 21:00 шамасында кезекшіден дәретханаға сұранып кетеді. Біраз уақыттан кейін оны шақырып келуге шыққан кезекші сарбаз автопарк аумағында орналасқан қойма ішінде сарбаздың асылып тұрған денесін көрген. Жедел жәрдем қызметін шақырғанмен, Ұлттық ұлан жауынгерін аман алып қалу мүмкін болмаған.
"29 шілде күні сағат 21:00 шамасында қатардағы мерзімді әскери қызметші Оразбай өз-өзіне қол жұмсады. Қазір осы факт бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қорытындысын аяқталған соң білеміз", – деді ҚР Ұлттық ұланы №3517 әскери бөлімінің командирі Досан Куркенов.
Оқи отырыңыз:
- Әскерден – психиатрияға: Тағы бір сарбаздың жағдайы мүшкіл
- Ақтауда әскерге аттанған сарбаз туған әкесін танымай қалды
- Мәжіліс депутаты: Әскерге министрдің де, қарапайым адамдардың да баласы баруы керек