"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантына құжат қабылдау басталды
Конкурсқа 14-29 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады.ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет Басшысы тағайындаған "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын ұсыну жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлайды. 2022 жылы әрбір грантқа 3 млн теңгеден 30 грант берілетін болады.
Конкурсқа 14-29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының кез келген азаматы үміткер бола алады.
Гранттар мынадай бағыттар бойынша беріледі:
- "Ғылым" – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
- "Мәдениет" – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
- "Ақпараттық технологиялар" – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және дайындауға арналған;
- "Бизнес" – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
- "Медиа" – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.
Оқи отырыңыз: Әкімдіктердің грантына құжат қабылдау жүріп жатыр
Өтінімдер мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Сонымен қатар:
- нысан бойынша жобаның сипаттамасы;
- жобаның 60 секундтан аспайтын бейне-таныстырылымы;
- шығыстар сметасының жобасы;
- бар болса, зияткерлік меншік туралы мәліметтер болуы тиіс.
Үміткерлердің конкурстық өтінімдері 14 тамызға дейін қабылданады.