Тікелей эфир

"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантына құжат қабылдау басталды

Конкурсқа 14-29 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет Басшысы тағайындаған "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын ұсыну жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлайды. 2022 жылы әрбір грантқа 3 млн теңгеден 30 грант берілетін болады.

Конкурсқа 14-29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының кез келген азаматы үміткер бола алады.

Гранттар мынадай бағыттар бойынша беріледі:

  • "Ғылым" – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
  • "Мәдениет" – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
  • "Ақпараттық технологиялар" – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және дайындауға арналған;
  • "Бизнес" – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
  • "Медиа" – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.

Оқи отырыңыз: Әкімдіктердің грантына құжат қабылдау жүріп жатыр


Өтінімдер мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Сонымен қатар:

  • нысан бойынша жобаның сипаттамасы;
  • жобаның 60 секундтан аспайтын бейне-таныстырылымы;
  • шығыстар сметасының жобасы;
  • бар болса, зияткерлік меншік туралы мәліметтер болуы тиіс.

Үміткерлердің конкурстық өтінімдері 14 тамызға дейін қабылданады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары