Мемлекет басшысы экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Зүлфия Сүлейменова мемлекет басшысына табиғатты қорғау және орман шаруашылығы мекемелеріне қажет өртке қарсы құрал-жабдықтар мен техникалардың тізімін кеңейту үшін нормаларды жаңарту жұмыстары басталғанын айтты.

"Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатты қорғау заңнамасының бұзылу фактілерін анықтап, оларды жою үшін  құқық қорғау органдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу қажеттігіне назар аударды. Қажет болса, құқық бұзушыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту керек екенін айтты", – делінген Ақорданың хабарламасында.