Тікелей эфир

Табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту керек – президент

Министр Зүлфия Сүлейменова өртке қарсы құрал-жабдықтардың тізімін кеңейту үшін нормаларды жаңарту жұмыстары басталғанын айтты.

Мемлекет басшысы экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Зүлфия Сүлейменова мемлекет басшысына табиғатты қорғау және орман шаруашылығы мекемелеріне қажет өртке қарсы құрал-жабдықтар мен техникалардың тізімін кеңейту үшін нормаларды жаңарту жұмыстары басталғанын айтты.

"Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатты қорғау заңнамасының бұзылу фактілерін анықтап, оларды жою үшін  құқық қорғау органдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу қажеттігіне назар аударды. Қажет болса, құқық бұзушыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту керек екенін айтты", – делінген Ақорданың хабарламасында.

Серіктестер жаңалықтары