Шымкенттік алаяқ 150 жуық адамды қайтарымсыз грант алып беремін деп алдады
Шымкентте кәсіп бастау үшін қайтарымсыз грант аламыз деген 100-ге жуық тұрғын алданып қалды.Алаяққа алданғандар мемлекеттің грантын алып беремін деген адамға 1-7 миллионтеңге аралығында ақша берген. Аталған іс сотқа жетті, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Алаяққа алданған 150-дей адам жеңіл жолмен мемлекеттен қаражат алып, бизнес бастау туралы ойлаған. Грант алып беремін деген алаяққа 1 миллион теңгеден 7 миллиион теңгеге дейін берген.
"Бәрімізге грант шығарып беретінін айтты. Жұмыс істемейтін туысқандарымды да тарта беруімді өтінді. Мен туысқандарыма да несие алдырдым. Қазір елдің алдында жүре алмаймын. Қарабет болған адаммын", – деді Түркістан облысының тұрғыны.
Шымкент қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушы жәбірленушілерге мемлекет тарапынан берілетін пәтерді және кәсіпкерлер бағдарламасы аясында берілетін қаражатты алып беремін деп алдап, жәбірленушілерден жалпы сомасы 11 780 000 теңге ақшаны заңсыз жымқырған деген айып тағылған.
Оқи отырыңыз: Пәтер жалдағанда алаяққа алданып қалмас үшін не білу керек?
"Қылмыстық іс 2023 жылдың 8 желтоқсанында өндіріске қабылданып, бірінші сот отырысы 2023 жылдың 22 желтоқсаны сағат 15:00-ге тағайындалған", – деп жазылған хабарламада.
Айыпталушының қандай жазаға тартылатынын сот шешеді.