Тікелей эфир

Шымкенттік алаяқ 150 жуық адамды қайтарымсыз грант алып беремін деп алдады

Шымкентте кәсіп бастау үшін қайтарымсыз грант аламыз деген 100-ге жуық тұрғын алданып қалды.

Алаяққа алданғандар мемлекеттің грантын алып беремін деген адамға 1-7 миллионтеңге  аралығында ақша берген. Аталған іс сотқа жетті, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Алаяққа алданған 150-дей адам жеңіл жолмен мемлекеттен қаражат алып, бизнес бастау туралы ойлаған. Грант алып беремін деген алаяққа 1 миллион теңгеден 7 миллиион теңгеге дейін берген.

"Бәрімізге грант шығарып беретінін айтты. Жұмыс істемейтін туысқандарымды да тарта беруімді өтінді. Мен туысқандарыма да несие алдырдым. Қазір елдің алдында жүре алмаймын. Қарабет болған адаммын", – деді Түркістан облысының тұрғыны.

Шымкент қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушы жәбірле­нушілерге мемлекет тарапынан берілетін пәтерді және кәсіпк­ерлер бағдарламасы аясында берілетін қар­ажатты алып беремін деп алдап, жәб­ірленушілерден жалпы сомасы 11 780 000 теңге ақшаны заңсыз жымқыр­ған деген айып тағыл­ған.


Оқи отырыңыз: Пәтер жалдағанда алаяққа алданып қалмас үшін не білу керек?


"Қылмыстық іс 2023 жы­лдың 8 желтоқсанында өндіріске қабылдан­ып, бірінші сот от­ырысы 2023 жылдың 22 желтоқсаны сағат 15:00-ге тағ­айындалған", – деп жазылған хабарламада.

Айыпталушының қандай жазаға тартылатынын сот шешеді.

Серіктестер жаңалықтары