Шымкентте жарнама арқылы үлескерлердің қаражатын қабылдамақ болған төрт компания анықталды, деп хабарлайды прокуратура. 

Прокуратура мәліметінше, кінәлілер ҚР ӘҚБтК 320-бабының 1-бөлігі (үлестік қатысу туралы заңнаманы бұзу) негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 миллион теңге айыппұл салынды.

"Қала тұрғындарына үлестік құрылысқа қатыспас бұрын құрылыс компанияларының лицензиялары мен рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеріп, олардың құжаттарының дұрыстығына көз жеткізуге кеңес беріледі. Үлескерлердің құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып саналады", – делінген прокуратура хабарламасында.