Шымкентте қағаз шығаратын кәсіпорын жұмысын тоқтатты
Финляндия мен Ресейден шикізатты тікелей жеткізуде қиындық пайда болған.Шымкенттегі қағаз өңдеуші өнеркәсіп саласы тоқтап тұр. Аймақтағы кеңсе қағазын шығаратын кәсіпорын шикізат тапшылығына байланысты жұмысшыларын уақытша демалысқа жіберді, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.
Финляндия мен Ресейден алыс-берістің тікелей жеткізілуінде қиындық пайда болған. Қос мемлекеттің өндіру саласында белгілі бір шектеулер мен уақытша тасымал тоқтаған.
"Арадағы келісімшарттың бұзылуын пайдаға асырғысы келетіндер шикізат бағасын қолдан екі есе қымбаттатып отыр", – деді кәсіпорын өкілдері.
Оқи отырыңыз: Сертификаты жалған, улы ойыншықтар Қазақстан базарларында еркін сатылып жатыр
Олардың өндірістік қуаты қағаздың А4 форматын 3 миллион, А3 қағазын 300 мыңнан астам бумаға дейін шығаруға жетеді. Бұдан өзге мемлекеттік тапсырысты орындауға жұмыс істеген мекеме түрлі себеппен "қара тізімге" енген. Сондықтан мұндай шектеуді уақытша алып тастауды сұрап отыр.
"Өндірушілер мен СБК-ларға қойылған әр кәсіпорынға бір вагон деген шектеуші алып тастауды сұраймыз. Бір вагон деген 25-24 мың дана қағаз болады. Ол тіпті 1 пайызды да қамтамасыз етпейді. Біздің айына 10 вагонға дейін өнім өндіруге қуатымыз жетеді. Ол шамамен 200-250 мың қорап қағаз", – деді кәсіпорын басшысының орынбасары Қанат Әлімбаев.