Тікелей эфир

Сертификаты жалған, улы ойыншықтар Қазақстан базарларында еркін сатылып жатыр

Кәсіпкерлер заңсыз сертификаттарды Қырғызстанда рәсімдеген.

Жалған сертификатпен кеденнен өткен қытайлық ойыншықтар Қазақстан дүкендері мен базарларында еркін сатылымда. Олар токсикологиялық сынақтардан өтпеген. Яғни, бала аузына салып, не иіскесе, уланып қалуы мүмкін, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Сертификаттарды қытайлық кәсіпкерлерге Қырғызстанның құзырлы мекемелері бергені анықталған. Талапты орындамаған бизнесмендерге 6 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Алайда, Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің өкілдері жалған сертификатпен нарыққы еркін кіретіндердің үлесі аз емес екенін ескертіп отыр.


Оқи отырыңыз: 


"Қытайдың тауарларына берілген екі сертификатта олқылықтар анықталды. Өнімдерге бірқатар токсикологиялық сынақтар жасалмаған. Біз сол сертификатты берген Қырғызстан мамандарына бірден сұраныс жібердік, олар бізге үш күн ішінде сертификаттардың жойылғандығы туралы хабарлады. Өнімдерін заңсыз кіргізгендер жалған сертификат жасатып, 2025 жылға дейін тауарларын шектеусіз мөлшерде біздің елге тасымалдау құқығын алған", – дейді комитет төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Өткен жылдан бері комитет мамандары тек ойыншықтарды емес, тексерілмеген азық-түлік пен басқа да тауар түрлерін тасымалдауға мүмкіндік берген 422 сертификат пен 426 сәйкестік декларациясының күшін жойған. Кәсіпкерлерге 88 миллион теңге айыппұл салынған. Мұндай заңсыздықтар "халал" деп танылған өнімдерден де анықталып жатыр екен.

Серіктестер жаңалықтары