Шығыс Қазақстан облысында 2022-2023 жылыту маусымының қорытындысы бойынша жылу есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін сыртқы нақты температураны ескере отырып, жылумен жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ШҚО бойынша департаментінің баспасөз қызметі. 

Департамент мәліметі бойынша, халыққа қайтарылатын сома 445 840 449 теңге болды. Оның ішінде:

  • "Риддер ЖЭО" АҚ – 292 722 57 теңге;
  • "Өскемен жылу желілері" АҚ (есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар) – 128 394 227 теңге (2022 жылғы желтоқсанда қайта есептелген);
  • "Теплоэнергия" МКК – 12 053 006 теңге;
  • "Востокэнерго" ЖШС – 11 388 124 теңге;
  • "ТКШ Средигорное" ЖШС – 594 528 теңге;
  • "Күршім" МКК – 464 860 теңге;
  • "L-TVK" ЖШС – 181 677 теңге;
  • "Еңбек-Өскемен" РМК – 33 410 теңге;
  • "Зайсан" ШЖҚ ҚМГЗ – 8 160 теңге.

"Айта кететін жайт, барлық тұтынушы үйдегі жалпы жылу есептегіш құралдарын пайдалануға ауысатындықтан, тек нақты тұтынған жылу мөлшері үшін төлейді және сәйкесінше қайта есептеудің қажеті жоқ", – деді ШҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментіндегілер. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда базалық зейнетақы 2027 жылға дейін қалай өзгереді?