Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының "Бір мезетте бір дұға" игі бастамасына еліміздің барлық өңірінде мешіт имамдары мен жамағаты үн қосып, су тасқынына байланысты Құран оқып, дұға жасады, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі. 

"Атап айтқанда, жамағатпен бір мезетте дұға жасау Астана, Алматы мен Шымкент қалалары, сондай-ақ облыс орталықтары мен аудандарында құптан намазы алдында ұйымдастырылды. Имамдар жамағатпен бірге су тасқынынан зардап шеккендерге жеңілдік тілеп, Алла Тағаладан елдің амандығы мен тыныштығын сұрап дұға тіледі", – делінген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: Үйін бесінші жыл қатарынан су басқан ақтөбеліктер мемлекеттен баспана сұрады