"Қазгидромет" РМК синоптиктері 25 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжамын жасады.

Синоптиктер болжамынша, циклондар және олармен байланысқан фронтальды бөліктер әліде ҚР аумағының басым бөлігіне өз әсерін тигізетін болады, нәтижесінде елімізде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

"Түнде Ұлытау облысында, күндіз Қызылорда облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы ықтимал. Күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, батысында қатты жауын-шашын күтіледі. Тек еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, бұрқасын болады", – делінген хабарламада.