Ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: istockphoto.comо
Фото: istockphoto.comо
Жол учаскелерін 24 ақпан сағат 20:00-де ашу жоспарланған.

"ҚазАвтоЖол" екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

2025 жылғы 24 ақпан сағат 12:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:

Қостанай облысы:

  • "Қостанай-Әулиекөл–Сұрған" автожолының 8-232 шақырым аралығы (Тобыл қаласы-Ақмола облысының шекарасы).

Ақмола облысы:

  • "Қостанай-Әулиекөл–Сұрған" автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы-Сұрған ауылы);
  • "Жақсы-Есіл–Бұзылық" автожолының 71-82 шақырым аралығы (Ақсау ауылы-Бұзылық ауылы);
  • "Жезқазған–Петропавл" автожолының 536-553 шақырым аралығы (Бұзылық ауылы-Сұрған ауылы).

Жол учаскелерін 24 ақпан сағат 20:00-де ашу жоспарланған.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары