Энергетика министрлігі еліміздің ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітті. Бұл баға 1 шілдеден бастап енгізіледі. 

"1 шілдеден бастап 2024 жылғы 30 маусымды қоса алғанда, газдың 1 мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен Астанада – 27 052 теңге, Алматыда – 25 103 теңге, Шымкентте – 26 197 теңге болып бекітілді. Ал 2027 жылғы 1 шілдеден бастап 2028 жылғы 30 маусымды қоса алғанда  газдың 1 мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен Астанада – 36 135 теңге, Алматыда – 42 759 теңге, Шымкентте – 41 158 теңге болып бекітілді", – делінген құжатта.


Оқи отырыңыз: Автогаздың 2023 жылға дейінгі шекті бағасы белгіленді


Бұйрық 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.