Шетелдік көліктерді заңдастырмаған жағдайда қандай жаза қолданылады?
Қазақстанда 23 қаңтапда шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша бір реттік акция басталады.Уақытылы заңдастырылмаған көліктердің сақтандыру полисі тоқтатылады. Бұл туралы Астана қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.
"Шетелдік автомобильді талап бойынша тіркемеген жағдайда заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Еліміздегі шетелдік көліктердің көбі сақтандыру полисі негізінде қолданылып жүр. Егер көлікті белгіленген уақытта заңдастырмаса, сақтандыру полисі тоқтатылып, көлік коммуналдық автотұраққа қойылады", – деді Елжан Чупеков.
Айта кетейік, Қазақстанда 23 қаңтарда шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша бір реттік акция басталады. Акция 1 шілдеге дейін жалғасады.
Оқи отырыңыз:
- "4 құжат қажет": Шетелдік көліктерді заңдастыру туралы 15 сұраққа жауап
- Автозаңдастыру: Елге қосалқы бөлшек ретінде кірген көліктердің жағдайы не болады?
- ІІМ заңдастырылмаған шетелдік көліктер туралы: Не елден шығарады, не бөлшектеп сатады
- Қандай көліктерді "250 мың теңгелік акция" аясында заңдастыруға болмайды?