Абай облысының орталығы Семей қаласында "Абай жастары" тұрғын үй бағдарламасы 22 желтоқсанда іске қосылады. Бұл туралы Семей қаласының әкімдігі хабарлап, бағдарлама шарттарын жариялады. Бағдарламаға құжаттар 22 желтоқсан – 12 қаңтар аралығында қабылданады. 

Бағдарлама мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, БАҚ салаларында қызмет атқаратын азаматтарға арналған. Бұл салаларда үміткерлерде кемі бір жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

  • Несие сомасы – 15 теңге;
  • Бастапқы жарна – тұрғын үй құнының 10%;
  • Жылдық пайыздық мөлшерлеме – 5%.
  • Несие мерзімі – 19 жыл.

"Абай жастары" бағдарламасына 18-35 жас аралығындағы Семей қаласының тұрғындары қатыса алады. Айта кету керек, үміткерлер мен олардың отбасы мүшелерінің Семей қаласында тіркелуі міндетті. Сондай-ақ, талап бойынша, соңғы бес жылда үміткер мен оның отбасы мүшелерінде жеке тұрғын үйі болмауы тиіс.


Оқи отырыңыз: 


"Абай жастары" бағдарламасына қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • үлгі бойынша өтініш (Тұрғын үй инспекциясы бөлімімен беріледі);
  • өтініш берушінің және барлық отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүліктің жоқтығы (болуы) туралы анықтама;
  • "Электрондық үкімет" веб-порталынан алынған соңғы жылдағы зейнетақы жинақтары туралы үзінді көшірме;
  • өтініш берушінің азаматтық жағдайын растау (неке туралы немесе некені бұзу туралы куәлік, баланың тууы туралы куәлігі, бар болса мүгедектігі туралы анықтама);
  • белгіленген үлгідегі ұйымның/мекеменің фирмалық бланкісінде анықтаманың берілген күнін, шығыс нөмерін, жұмысқа тұрған күні мен қызметтік лауазымын көрсетіп берілген жұмыс орнынан анықтамасы;
  • еңбек өтілін растайтын құжаттар (еңбек кітапшасы, еңбек өтілі және т.б.).

Бағдарлама шарттарымен толығырақ осы жерден танысуға болады.