Семейде 56 көшенің атауы өзгереді
Қала көшелерінің біріне "Абай жолы" роман-эпопеясының атауы беріледі.Енді қаладағы Безымянная, Морозов, Волгоградская сияқты көшелер Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның, танымал суретші Мұратбек Жанболатовтың, академик Мұхтарбек Кәрімовтың атымен аталады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Сондай-ақ, көшелердің біріне шығыстың ұлы ақыны жайлы жазылған "Абай жолы" роман-эпопеясының атауы беріледі. Қазақшаланып жатқан көше тізімінің арасында қала тұрғындарының ұсынысы бойынша өзгеретіндері де бар. Қалалық мәслихаттың коммисия отырысында идиологиялық тұрғыдан мән-мағынасы ескірген көше атауларын ауыстыру мәселесі қаралған. Қалалық ономастикалық комиссия облыстық ведомствоға көше атауларын жаңалау жөнінде ұсыныс жолдады. Ендігі шешімді Республикалық ономастикалық комиссия шығарады.