Тікелей эфир

Семейде 56 көшенің атауы өзгереді

Қала көшелерінің біріне "Абай жолы" роман-эпопеясының атауы беріледі.

Енді қаладағы Безымянная, Морозов, Волгоградская сияқты көшелер Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның, танымал суретші Мұратбек Жанболатовтың, академик Мұхтарбек Кәрімовтың атымен аталады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Сондай-ақ, көшелердің біріне шығыстың ұлы ақыны жайлы жазылған "Абай жолы" роман-эпопеясының атауы беріледі. Қазақшаланып жатқан көше тізімінің арасында қала тұрғындарының ұсынысы бойынша өзгеретіндері де бар. Қалалық мәслихаттың коммисия отырысында идиологиялық тұрғыдан мән-мағынасы ескірген көше атауларын ауыстыру мәселесі қаралған. Қалалық ономастикалық комиссия облыстық ведомствоға көше атауларын жаңалау жөнінде ұсыныс жолдады. Ендігі шешімді Республикалық ономастикалық комиссия шығарады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары