Сегіз жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеді
Бағаның негізсіз өсуін болдырмау мақсатында мемлекеттік бақылау күшейтілді.2016 жылдан бастап Қазақстанда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Бағаның маусымдық ауытқуын болдырмау үшін қабылданған шаралар:
- Нарыққа 160 мың тоннадан астам көкөніс өнімі жеткізілді;
- Салалық қауымдастықпен жұмыртқа бағасын белгілеу туралы келісімге қол қойылды.
Оқи отырыңыз: Отандық азық-түлік өндірушілерін жүйелі қолдауды көздейтін заң жобасы үкіметке жолданды
Бағаның негізсіз өсуін болдырмау мақсатында мемлекеттік бақылау күшейтілді. Сонымен қатар жыл басынан бері көптеген заңбұзушылық анықталды:
- 16,3 миллион теңге сомасына сауда заңнамасын бұзу бойынша 2 357 әкімшілік іс қозғалды;
- сауда үстемесін асыра пайдалану туралы 1 946 қаулы шығарылды.