Саясат Нұрбек Алматыдағы жатақхана тапшылығы туралы: Биыл қолымыздан келгеннің барлығын жасадық
Ведомство басшысы бұл мәселенің хостелдермен қосымша келісімшартқа отыру арқылы шешіліп жатқанын айтты.Жыл соңына дейін 12 мың төсек-орынға арналған жатақхана салынады. Ал елдегі жатақхана тапшылығы мәселесі алдағы 2-3 жыл ішінде шешімін табады деп болжап отырмыз, деп мәлімдеді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
"Дәл қазір Алматы қаласында 12 мыңға жуық жатақханадағы орын тапшылығы бар. Ал Шығыс Қазақстан, Солтүстік, Батыс секілді басқа өңірлерде керісінше профицит. Мәселені қонақ үй, хостелдермен қосымша келісімшарт жасау арқылы шешеміз. Қазір Алматы қаласының жоғары оқу орындары 100-ге жуық хостелмен қосымша келісімшартқа отырды. Мұнымен қатар қала ішінде ахуалдық орталық ашып, оның телефон нөмірін таратып жатырмыз", – деді Саясат Нұрбек.
Министр биыл бұл мәселенің толығымен шешілмейтініне қарамастан, дайындықтың жақсы болғанын айтады.
Оқи отырыңыз: 21-24 қыркүйекте Алматы қаласында тоғызқұмалақтан тұңғыш әлем чемпионаты өтеді
"Қолымыздан келгенше барынша дайындалдық. Алматы, Астана, Шымкент қаласынан арнайы резерв жасақталып жатыр", – деп қосты министр.
Сондай-ақ ол алдағы үш жылда елдегі жатақхана мәселесін толығымен шешу жоспарланып отырғанын айтты.