Тікелей эфир

21-24 қыркүйекте Алматы қаласында тоғызқұмалақтан тұңғыш әлем чемпионаты өтеді

Оған әлемнің 20 елінен келген спортшылар рапид және блиц түрлері бойынша сайысқа түседі.

Биыл тұңғыш рет Қазақстанда оқушылар арасында тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтеді, деп мәлімдеді республикалық тоғызқұмалақ федерациясының  вице-президенті,  Алматы тоғызқұмалақ федерациясының  президенті Әкім Тұрсұн.

Тұңғыш әлем чемпионаты 21-24 қыркүйек аралығында Алматы қаласындағы ADD спорт кешеніңде 15 және 17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында өтеді. Оған әлемнің 20 елінен келген спортшылар рапид және блиц түрлері бойынша сайысқа түседі.

"Былтырдан бастап республикалық тоғызқұмалақ федерациясының шешімімен жыл сайын тоғызыншы айдың тоғызыншы күнін, яғни 9 қыркүйек – "Тоғызқұмалақ күні" деп белгіленген. Осыған орай биыл 9 қыркүйек күні Қазақстанның рекордтар гиннес кітабына ену бойынша Алматы қаласында ауқымды іс-шара өткіземіз. Бұл іс-шараға Алматы қаласының 2,5-3 мыңға жуық жоғары сыныптарының оқушылары бір мезетте тоғызқұмалақ жарысына қатысатын болады. Іс-шара ашық аспан астында, тұңғыш президент паркінде өтеді", – деді Әкім Тұрсұн.


Оқи отырыңыз: "Астана Опера" театрының директоры: Алдағы маусымдарда репертуарды ұлттық қойылымдармен байытамыз


Сондай-ақ жақында республикалық және халықаралық тоғызқұмалақ федерациясы еліміздің 20 аймақтық федерациясының шешіміне сәйкес Алматы қаласы тоғызқұмалақ астанасы атанған болатын.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары