Сауда министрлігі тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кеңес өткізді
2023 жылдың 4 тамызында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен, заң шығару қызметі жөніндегі жұмыс тобының мүшелерімен, бизнес субъектілерімен және аумақтық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттерімен бірлескен кеңес өткізді. Аталған кеңес барысында көптеген мәселе көтерілді.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков қатысушыларды "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заң жобасының ағымдағы мәртебесі туралы хабардар етті. Төраға бүгінгі таңда тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жаңа Заңды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы өте көп жұмыс атқарғанын және Президент Заң жобасына қол қойғанға дейін Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде Заң шығару бойынша бірлескен жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Серік Құсайынов Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін көтеріп, үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Өз кезегінде қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттар беруге қатысты түрлі проблемалық мәселелерді көтерді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда негізгі азық-түліктер қоры жеткілікті – Сауда министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Болат Танабергеновтың қоғамдық бірлестіктермен бірлескен жұмысы туралы баяндамасынан кейін электрондық сауда алаңдарының өкілдерімен кеңес өткізу туралы ұсыныс айтылды, өйткені бүгінгі күні сауданың осы түріне көптеген шағымдар келіп түсуде.
Комитет төрағасы өз кезегінде Комитет қызметкерлеріне электрондық сауда өкілдерімен кеңес ұйымдастыруды тапсырды.
Қатысушылар "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заң жобасын қолдады, ешқандай қарсылық түскен жоқ.