Қазақстанда елді мекендерге азық-түлікті үзіліссіз жеткізу қамтамасыз етілген. Негізгі азық-түліктер қоры елімізде жеткілікті, деп хабарлады Сауда министрлігі.
Қазіргі уақытта Сауда министрлігі өңірлердің әкімдіктері мен сауда объектілерімен бірлесіп азық-түлік тауарларын елді мекендерге үзіліссіз жеткізуді қамтамасыз етуде. Көптеген өңірлерде сауда объектілерінің жұмысы елді мекендердің ішінде жергілікті атқарушы органдар белгілеген кестелер бойынша штаттық режимде жалғастырылуда.
Бірқатар объектілерде банктік төлемдер төлем жүйелері арқылы қабылдануда.
"Бірқатар елді мекендерде мародерлік әрекеттердің нәтижесінде зардап шеккен кейбір сауда объектілерінің жұмысы тоқтап тұр. Сондай-ақ террорға қарсы операциялардың іс-қимылдары белсенді жүріп жатқан орындарда жеке сауда объектілері әліге дейін жабық",– деп жазылған хабарламада.
Сауда министрлігі мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі негізгі тағам тауарларына, дәрі-дәрмек құралдары мен жанар-жағар майға бағалық алып-сатарлық пен жасанды дүрлікпе жасамауға шақырады.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі күн сайын азық-түлік бағасына мониторингі жүргізеді. Мұндай фактілерді анықтау және оларға жол бермеу мақсатында хабарларды қабылдау үшін жедел желі құрылған: Нұр-Сұлтанда (87172) 74-96-64, 74-34-01, 74-31-26, 74-90-52 (қоңыраулар Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін қабылданады), мобильді нөмірлер 8-705-231-24-23, 8-776-458-88-85. 8-708-883-02-62, 8-701-369-61-28 (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22-00-ге дейін).