Сайлау-2022: Қазақстандықтардың 51 пайызы дауыс беру үшін бюллетень алды
Облыс, республикалық маңызы бар қала, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 14.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,16 пайызы бюллетень алды, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.
Оның ішінде:
- Абай облысы бойынша – 69,32%;
- Ақмола облысы бойынша – 51,04%;
- Ақтөбе облысы бойынша – 53,21%;
- Алматы облысы бойынша – 40,85%;
- Атырау облысы бойынша – 52,56%;
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 43,85%;
- Жамбыл облысы бойынша – 52,74%;
- Жетісу облысы бойынша – 52,17%;
- Қарағанды облысы бойынша – 53,75%;
- Қостанай облысы бойынша – 53,15%;
- Қызылорда облысы бойынша – 59,18%;
- Маңғыстау облысы бойынша – 53,40%;
- Павлодар облысы бойынша – 52,55%;
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 53,10%;
- Түркістан облысы бойынша – 76,61%;
- Ұлытау облысы бойынша 68,32%;
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 52,99%;
- Астана қаласы бойынша – 39,79%;
- Алматы қаласы бойынша – 24,17%;
- Шымкент қаласы бойынша – 51,69%.
Оқи отырыңыз: Президент сайлауы алғаш рет өтіп жатқан ауыл
Келесі жедел ақпарат сағат 16.05-те беріледі.