Облыс, республикалық маңызы бар қалалар, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылдың 5 маусымында сағат 10.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 28,59 пайызы бюллетень алды.

Оның ішінде:

  • Ақмола облысы бойынша – 26,63%;
  • Ақтөбе облысы бойынша – 25,62%;
  • Алматы облысы бойынша – 28,53%;
  • Атырау облысы бойынша – 29,87%;
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша – 32,20%;
  • Жамбыл облысы бойынша – 32,16%;
  • Қарағанды облысы бойынша – 33,56%;
  • Қостанай облысы бойынша – 30,14%;
  • Қызылорда облысы бойынша – 28,87%;
  • Маңғыстау облысы бойынша – 23,67%;
  • Павлодар облысы бойынша – 33,14%;
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 34,17%;
  • Түркістан облысы бойынша – 33,15%;
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 29,88%;
  • Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 24,18%;
  • Алматы қаласы бойынша – 13,91%;
  • Шымкент қаласы бойынша – 34,19%.

Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 12.00, 14.00, 16.00, 18.00 және 20.00-де берілетін болады. Ал азаматтардың учаскелерге келуі туралы алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпарат сағат 22.00-де беріледі.


Оқи отырыңыз: Қызылордада 101 жастағы майдангер бірінші болып дауыс берді