Алматы қаласында тізімге енгізілген азаматтардың 13,91 пайызы дауыс берді.
Облыс, республикалық маңызы бар қалалар, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылдың 5 маусымында сағат 10.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 28,59 пайызы бюллетень алды.
Оның ішінде:
- Ақмола облысы бойынша – 26,63%;
- Ақтөбе облысы бойынша – 25,62%;
- Алматы облысы бойынша – 28,53%;
- Атырау облысы бойынша – 29,87%;
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 32,20%;
- Жамбыл облысы бойынша – 32,16%;
- Қарағанды облысы бойынша – 33,56%;
- Қостанай облысы бойынша – 30,14%;
- Қызылорда облысы бойынша – 28,87%;
- Маңғыстау облысы бойынша – 23,67%;
- Павлодар облысы бойынша – 33,14%;
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 34,17%;
- Түркістан облысы бойынша – 33,15%;
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 29,88%;
- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 24,18%;
- Алматы қаласы бойынша – 13,91%;
- Шымкент қаласы бойынша – 34,19%.
Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 12.00, 14.00, 16.00, 18.00 және 20.00-де берілетін болады. Ал азаматтардың учаскелерге келуі туралы алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпарат сағат 22.00-де беріледі.
Оқи отырыңыз: Қызылордада 101 жастағы майдангер бірінші болып дауыс берді