Ресей Украинаның әскери нысандарын зымыранмен атқылап жатыр
Бірнеше қаладағы командалық-диспетчерлік орталыққа, аэродромдарға, әскери қоймаларға зымыран оқтары тиген.Украинаның Ішкі істер министрлігі Ресейдің елдің әртүрлі аймағында әскери нысандарға зымырандық шабуыл жасап, шекара бекеттерін атқылап жатқанын хабарлады.
"Киев, Харьков, Днепрдегі командалық-диспетчерлік орталыққа, аэродромдарға, әскери қоймаларға зымыран оқтары тиді. Қазір шекараны артиллериялық атқылау жүріп жатыр. Біз өз жерімізді қорғаймыз!" – делінген Украинаның Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.
"Интерфакс-Украина" Киев уақытымен таңғы 5.00-те бүкіл Украинадағы әскери нысандарға зымыранмен атқылау басталғанын хабарлады. Николаев қаласында ауқымды өрт шалды. Харьковта зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймасы жойылды.
Оқи отырыңыз:
- Украина жолаушылар ұшақтары үшін әуе кеңістігін жапты
- Путин Донбасста арнайы әскери операция жүргізу туралы хабарлады