Қанша қазақстандық дауыс беруге қатысты?
Орталық референдум комиссиясы қазақстандықтардың республикалық референдумға қатысуы туралы жаңа мәліметтерді жариялады.Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 5 маусымда елорда уақытымен сағат 22.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 68,44 % бюллетень алды.
"Астана уақытымен сағат 22:00-дегі жағдай бойынша, еліміздің 12 өңірінде және 12 шетелдік учаскеде дауыс беру аяқталғанын хабарлайды", – деп мәлімдеді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.
Референдумда Түркістан облысының тұрғындары белсенді (80,66 пайыз) болды. Ал Алматы қаласының референдумға қатысуға құқылы азаматтарының 33,30 пайызы ғана дауыс беруге келіп, ең төменгі белсенділік көрсетті.
Референдум қорытындысының жариялану уақыты қосымша хабарланады.
Оқи отырыңыз:
Халық әртісі Бибігүл Төлегенова референдумда үйден дауыс берді
Референдумда бюллетеньді өшіп қалатын сиямен толтыру ұсынылды – жалған ақпарат