Қызылорда облыстық полиция департаменті бірнеше қала тұрғынының көлігін алдап алып, кейін сатып жіберген алаяқтың ұсталғанын хабарлады. 

Тәртіп сақшылары 2021 жылдан бері Алматы, Тараз, Кентау және Түркістан қаласы тұрғындарын алдаған алаяқты қолға түсірді. 

Күдікті жарнама сайттарындағы көліктерді алдын ала белгілі бір бөлігіне төлем жасау арқылы алып кетіп отырған. 

"Алдымен көлікті есептен шығарып, тұрғындарды көліксіз қалдырған. Көліктерді қымбат бағаға бөтен адамдарға сатып жіберген. Алданған көлік иелері оның үстінен полицияға арызданды. Жедел іздестіру нәтижесінде Жаңақорған ауданының 32 жастағы тұрғыны ұсталды", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Таразда тосын ұрлық: айыптұрақтағы екі автобус жоғалып кетті


Қазір қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полицейлердің мәліметінше, күдіктінің әрекетінен нақты қанша адам зиян шеккені белгісіз.