"ҚазАвтоЖол" ұлттық компанияның Қызылорда облыстық филиалының бас маманы Сақтапберген Садықовтың қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болғанын хабарлады.

"10 ақпан күні сағат 14.00 шамасында Арал ауданы Сазды ауылының маңында Самара-Шымкент тас жолының 1285-ші шақырымында Toyota Alphard көлігі жылдамдықпен келе жатқан Сақтапберген Бақытжанұлы отырған көлікке соғылған. Оқиға боларға дейін тас жол бөлігінде көлік қозғалысы қалпына келтірілген болатын", – деп хабарлады ұлттық компания.


Оқи отырыңыз: Ауа райының қолайсыздығынан Астана жолдарында бір тәулікте 250-ден астам жол-көлік оқиғасы болды


Марқұмның артында әйелі мен төрт баласы қалды. "ҚазАвтоЖол" оларға барлық қажетті қаржылық қолдау көрсетуге уәде берді.