Қазақстандық әзілкеш, шоумен Нұртас Адамбай не себепті сотқа тартылғанын айтты.

Нұртас Адамбай Facebook-парақшасына БАҚ қызметкерлеріне қозғалған іс жөнінде өз ойын жеткізді.

"Астана Дін істері басқармасы мені Instagram-парақшама Құран Кәрімнің аудармасынан сөздер жазғаным үшін сотқа берді. Шынымды айтсам, біздің елде Құран аудармасын келтіре алмайтынымызды білмедім", – деді Нұртас Адамбай парақшасында.

Нұртас Адамбай ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы, 1-бөлігі, 4-тармағы бойынша, яғни «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын» бұзғаны үшін айыпталып жатыр. 

Нұртас Адамбайдың үстінен қозғалған іс расталса  50 АЕК (185 мың теңге) заңды айыппұл төлеу жазасы тағайындалады.