Тікелей эфир

"Құран Кәрімнің аудармасынан сөздер жазған". Нұртас Адамбай неліктен істі болғанын айтты

Актерге ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзды деген айып тағылып отыр.

Қазақстандық әзілкеш, шоумен Нұртас Адамбай не себепті сотқа тартылғанын айтты.

Нұртас Адамбай Facebook-парақшасына БАҚ қызметкерлеріне қозғалған іс жөнінде өз ойын жеткізді.

"Астана Дін істері басқармасы мені Instagram-парақшама Құран Кәрімнің аудармасынан сөздер жазғаным үшін сотқа берді. Шынымды айтсам, біздің елде Құран аудармасын келтіре алмайтынымызды білмедім", – деді Нұртас Адамбай парақшасында.

Нұртас Адамбай ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы, 1-бөлігі, 4-тармағы бойынша, яғни «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын» бұзғаны үшін айыпталып жатыр. 

Нұртас Адамбайдың үстінен қозғалған іс расталса  50 АЕК (185 мың теңге) заңды айыппұл төлеу жазасы тағайындалады.

Серіктестер жаңалықтары