Қуандық Бишімбаев қатаң режимдегі колонияға ауыстырылды
Кодекс бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды.Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті әйелін өлтіргені үшін сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге қамалғанын мәлімдеді.
Бұл ақпаратты Қылмыстық атқару жүйесінің баспасөз қызметі растады.
"Аталған сотталған адам сот үкімі бойынша қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге кезең-кезеңімен жіберілді. Сонымен қатар қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес сотталғандар тіркеуге сәйкес жазасын өтеу орындарына жіберілетінін хабарлаймыз", – делінген хабарламада.