Бүгінде мұндай кеш аймақта қолға алынды. Себебі қазақтың сөзіндегі қоңырлық – тыңдаған адам тағылым аларлық көрініс. Мұндай үрдісті Қызылорда облыстық мәдениет және спорт басқармасы жандандырды. Кезекті рухани кештің қонағы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері Алмас Алматов болды. Ал "қоңыр әңгіме" кешінің тұрақты модераторы айтыскер ақын Мұхтар Ниязов.

"Алтынның қымбаты – аздығында" демекші, қара сөзді биік санаған халық "Достық" үйінде бас қосты. Жүз жырау шыққан мекеннің перзенті Алмас Алматов қоңыр әңгімені тыңдауға келген халықты рухани тоқ қылды.

"Қазына" атты дастанын дүйім жұртқа әңгімелеп, әзіл аралас мағыналы кешті өрбітті.


Оқи отырыңыз: Светлана Айтбаева: Балаға тілге деген құрмет пен махаббат ана сүтімен дариды


 Бұған қоса халықаралық дәрежедегі спорт шебері Тимур Сыпатаев қатысып, кез келген ер-азаматтың қолынан келе бермейтін өнерін паш етті. Сондай-ақ, сырбойылық саңлақтар да қоңыр әңгімемен бірге, қоңыр үнмен әнді әуелетіп, сахнада өнер көрсетті.