Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының Қажылық бөлімі әлеуметтік желі арқылы қажылық сапарға шақырған ресми емес туроператорлардың көбейгенін хабарлап, олардан сақтануға шақырды.

2023 жылы Қазақстандық 4 мың азаматқа қажылық парызын өтеуге квота берілген болса, олардың сапарын ашық байқауда жеңімпаз атанған 18 туристік компания ғана жүзеге асырады. Олардың тізімі төмендегі инфографикада берілген:

Инфографика: ҚМДБ ресми сайты

 

"Биылғы қажылықты ұйымдастыру барысында заңсыз әрекетке барып, қажылық орындарынан бөлек яғни 4000 адамнан тыс адам жиналатын болса, екі ел арасындағы келісімшарт талаптары бұзылып қана қоймай, туроператор жұмыстарына де кері әсерін тигізетінін айтуда. Атап айтқанда, ресми конкурстық негізде қажылық орындарын алмаған бірнеше турфирма әлеуметтік желілерде қажылыққа апару қызметін көрсететіні туралы жарнама жасап, түрлі әдіс қолданып қажылыққа адам жинау үстінде екендігін айтып дабыл қағуда", – делінген ҚМДБ Қажылық бөлімінің хабарламасында.


Оқи отырыңыз: 


Осыған орай, діни басқарма өкілдері ресми емес туроператорларға қаржысын өткізген қазақстандықтарды ақшасын қайтарып алуға шақырды. Қайтармаған жағдайда, құзырлы органдарға шағымдануға болады.