Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2022 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.

Кесте халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Дегенмен, пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.


Оқи отырыңыз: QazVac вакцинасы халал сертификатына ие болды


Кестеге сәйкес, 2022 жылы ораза 3 сәуірде басталып, 1 мамыр күні аяқталады. Қадір түні – 28 не 29 сәуір. Ал құрбан айт мерекесі 9-11 шілдеге сәйкес келеді. Мәуліт – 7 не 8 қазан.

Инфографика ҚМДБ сайтынан алынды